jasqazaq.kz

Дәрігер ота жасаған науқастың денесінде затын ұмытып кеткен

28 қараша 2017, 11:45


Алматы облысында ер адам дәрігерді жауапқа тартуға тырысуда. Екі жыл бұрын Жандос Бауыржанұлы мұрнына 4 ота жасаған. Оның 3-уі сәтсіз аяқталыпты.

Соңғы отадан соң хирургтер оның мұрнынан скальпель футлярын тауып алды, деп хабарлайды 31 арна.

Жандос Бауыржанұлы гайморит дертіне кеңес алу үшін дәрігерге келген. Ал, дәрігер оның мұрнының сынғанын, оны түзеу керек екенін айтқан. Алайда науқастың жағдайы отадан соң жақсара қйомайды. Екінші ота да сәтсіз шығады. Екі аптадан соң мұрнын мақта тампонын алады. Науқас үшінші рет ота жасатпақ болады. Бұл жолы мұрнының ішінен пластмасса бөлшегі табылған. Барлық үш отаны бір ғана дәрігер жасаған.

Төртінші рет науқас өзге дәрігерге ота жасатады. Енді ғана өзін жақсы сезініп отыр. Науқас алдыңғы екі ота үшін 500 мың теңге төлеген.

Тілшілердің ота жасаған дәрігермен сөйлесуге мүмкіндік болмады. Дәрігердің жұмыстан сұранып кеткені белгілі болды.

«Ол бөлім меңгерушісі. Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары категориялы маман. Үш ота сәтсіз өтті деп айта алмаймын. Бұл мәселені қарап жатырмыз», – дейді көппрофильді емхана директоры Жұмахан Молдақұлов.

Науқас дәрігерді сотқа бермек. Ол өтемақыдан бөлек дәрігер жауапқа тартылуы тиіс деп есептейді.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды