jasqazaq.kz

Дәрігер науқасқа дөрекі сөйлеген (Видео)

20 қыркүйек 2021, 10:36

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы елордалық әйел мен дәрігердің арасындағы болған жанжалға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желілерде таралған видеода гинеколог дәрігер науқасты қараудан бас тартып, өз кабинетінен шығуды талап еткені байқалады.

“Әйел жүктілігінің үзіліп кету қаупі бар болғандықтан ауруханаға келген. Бір сағат бойы дәрігерді күтуге мәжбүр болған жүкті келіншекті гинеколог қараудан бас тартып, ұрсып, қуып шыққан”, – делінген желідегі жазбада.

Құзырлы органдар мәліметінше, науқас әйел ауруханаға жатудан бас тартқан.

“Оқиға көп бейінді қалалық №2 орын алған. Желіде таралған бейнежазбаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіледі”, – дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Басқарма өкілдері ауруханада видео және фото түсіруге болмайтынын айтып, заңға қайшы әрекет орын алғанын атап өтті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от «ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ» (@qazaqpyz_goi)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия