jasqazaq.kz

Дариға Назарбаева: Тролльдер бәле болып жабысты

23 мамыр 2018, 11:48

Дариға Назарбаева интернет-тролльдер туралы ойын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Еуразиялық Медиа форумның ашылу салтанатында Дариға Назарбаева Интернет пен технологияның қарыштап дамып жатқанын атап өтті.

«Пейджер» сөзі ұмыт болды, дискілі телефонды кинодан ғана көресіз, қорап сияқты теледидар сұйық кристалды экранға айналды. Жаңа дүниенің көптігі таңдандырады, смартфон жеке компьютерге айналды. Іздеу жүйелері кез келген ақпаратты ашады. Бүкіл әлемде медиатұтыну өзге сипат алды, ал бастысы осындай уақытта өзін жайлы сезінетін ұрпақ пайда болды. Көпшілік оларды цифрлық буын деп атай бастады. Бұл ұрпақ дәстүрлі мен жаңа медиа арасында таңдау жасамайды», — дейді Еуразиялық Медиа Форумының ұйымдастыру комитетінің өкілі. «Интернетке кіру жеңілдігі талантты адамдардың ғана жолын ашқан жоқ. Авантюрист, қылмыскер мен түрлі үгітшілерге де мүмкіндік берді», — деп атап өтті Назарбаева. «Тролль аталып кеткендер — ақпараттық соғыстың көрінбейтін сарбаздары және жалған жаңалықтарды өндірушілер бәле болып жабысты», — дейді ол.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді