jasqazaq.kz

Дариға Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге баспана бағдарламасын құруды ұсынды

18 мамыр 2018, 16:02

ҚР Парламентінің депутаты Дариға Назарбаева «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дөңгелек үстел отырысы барысында Дариға Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы баспана бағдарламасын құруды ұсынды. «Халықты баспанамен қамту бағдарламалары бойынша баяндамалардан жалпы жағдайды көрген жоқпын, қанша адам баспанаға мұқтаж. Қай санаттағы адамдар әлеуметтік осал болып саналауы керек?. Дәрігерлер мен мұғалімдердің мүмкіндіктері қандай? Бұл да үлкен азаматтық сектор, олар баспана алуда бірқатар қиындықтарға тап келеді. Бірде-бір бағдарлама олардың баспана мәселесін шеше алған жоқ. Еңбекақылары айтарлықтай төмен, мемлекеттік қызметшілерді де осы санатқа жатқызуға болады. Олар арналған тұрғын үй бағдарламасы жоқ. Баспанамен қамтудағы жалпы жағдайлары қалай, Қазақстанның барлық санатындағы азаматтар қашан баспанамен толық қамтылады?», — деп сұрақ қойды Дариға Назарбаева. «Кей мұғалімдерді үйдегі отағалары баспанамен қамтамасыз етуі мүмкін. Енді бір мұғалімдер бүкіл отбасын асырауға мәжбүр. Оларға қалай көмектесеміз? Менің ұсынысым — әскерилер секілді, мұғалімдер мен дәрігерлерге де арнайы баспана беру бағдарламасы жасалуы тиіс. Бұл өте өзекті мәселе, қанша шаршы метр баспана салсақ та, өзекті күйінде қалып отыр», — деді Дариға Назарбаева. ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 468 мың адам атқару органдарында баспана кезегінде тұр. Ал 1 млн 96 мың адам — «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларының қатарында.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді