jasqazaq.kz

Дариға Назарбаева ҚХР елшісін қабылдады

02 сәуiр 2019, 16:13

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны оның өтініші бойынша қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат спикері кездесуді аша келіп Қытаймен стратегиялық жан-жақты әріптестік қарым-қатынастың ерекше маңызын атап өтті. «Қазақстан Елбасы Н.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жоғары деңгейдегі достық, тату көршілік және өзара түсіністік негізіндегі келісімдерін жүзеге асыруды жалғастыруға ниетті. Стратегиялық жан-жақты әріптестік қарым-қатынастарын нығайту бағытын ұстанатынымызды нақтылаймыз», — деді Д. Назарбаева. Чжан Сяо ҚХР Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшудың Д. Назарбаеваға Сенат төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтауын жеткізді және бұдан былайғы жұмысы табысты болуына тілектестігін білдірді. «Біз Сіздің парламентаралық байланыстарды дамытуға және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын қолдауға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалаймыз», — деді ол. Қытай елшісі Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың 2-ші халықаралық «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастығы форумына қатысу үшін Бейжің қаласына баратын алдағы сапарына дайындық туралы Сенат басшысын хабардар етті. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды дамытудағы оң үрдістер мен біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы көлемінің өсуін атап өтіп, инвестиция, ауыл шаруашылығы, туризм, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды күшейту мүмкіндіктері бар екеніне тоқталды. Сенат басшысы екі ел арасындағы жастар ынтымақтастығын белсенді дамыту, атап айтқанда, студенттер алмасуды және білім гранттарын беруді жолға қою қажеттігін атап өтті. Д. Назарбаева Шыңжаң-Ұйғыр автномиялық өлкесіндегі қазақтар тақырыбын қозғай келіп, ҚХР-дағы этникалық қазақтар Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынаста «достық көпірі» екенін атап өтті. Тараптар осы салада туындайтын мәселелерді өзара негізде сындарлы түрде шешуге уағдаласты. Кездесу барысында Сенат спикері Қазақстан азаматтары үшін туристік және жеке виза беруді жаңғырту мәселесін көтерді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда