jasqazaq.kz

Дариға Назарбаева: біз араб емес, қазақпыз

27 қыркүйек 2018, 15:21

Сенат депутаты, Халықаралық қарым-қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекке тыйым салуды көздейтін заң жобасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Біз араб емес, қазақпыз. Мен осыны айтқым келеді… Көбіміз қысқа шалбар киген сақалды адамдарды көргенде, оларды дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері, кейде тіпті экстремистік көзқарастағы адам деп қабылдаймыз. Жалпы, менің пікірімше, біздің заңнамамыз өте либералды. Барлық дінге демократиялық көзқараспен қараймыз. Ешкімге қысым көрсетілмейді. Егер діни көзқарас қоғамды дамытуға бағытталып, толеранттылық пен бейбітшілікті, тыныштықты насихаттаса, онда бұл жақсы емес пе?» — деді Назарбаева сенат кулуарында.

Айта кетсек, бүгін сенат депутаттары екінші оқылымда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мәжіліске кері қайтарды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді