jasqazaq.kz

Дархан Қыдырәлі: Журналистерге арнайы мәртебе беріледі

04 қараша 2022, 14:20


Елімізде журналистердің мәртебесін белгілейтін заң жобасы дайындалып жатыр.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркістан облысындағы БАҚ басшыларымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқосуда Дархан Қуандықұлы көпшілікті бүгінгі күні министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Сондай-ақ, журналистерді дайындау мен біліктілігін арттыру және статусын көтеру тұрғысынан жүзеге асатын жобалар туралы айтты.

«Мәжіліске ұсынылуы жоспарланып отырған масс-медиа туралы заңның басым бағыты бұл журналистердің статусын көтеруге бағытталған. Біріншіден, журналистерге әлеуметтік жағдай жасау көзделіп отыр. Бірақ, бұл журналистің сөз бостандығын шектемейді. Жеңілдетілген несие алуына, баспанамен қамтылуына мүмкіндік береді»-деді ол.

Сондай-ақ, министр заң жобасына сәйкес БАҚ өкілдерінің ақпаратқа қолжетімділігі артатынын айтып өтті.

«Журналиске берілетін жауаптың мерзімін қысқартуды ұсынып жатырмыз. Журналисттік зерттеуге қатысты болатын кез келген ақпаратқа журналист жеңіл қол жеткізуі керек»-деді министр.

Кездесуде Дархан Қуандықұлы бас редакторлардың ұсыныстарын тыңдап, аудандық, қалалық басылымдардың жай-күйіне қатысты туындаған сұрақтарға кең көлемде жауап берді.

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку