jasqazaq.kz

Дархан Кәлетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болды

05 сәуiр 2018, 11:15

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дархан Кәлетаевты Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын», — деп жазылған жарлықта.
Мемлекет басшысының жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР парламенті сенатының депутаты Дархан Кәлетаевтың өкілеттігі тоқтатылды.
Бұл министрлікті бұған дейін басқарған Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды.

Дархан Кәлетаев 1972 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл (Приозерное) кентінде туған.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді. 1996-1997 жылы ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген. Әр жылдары мемлекеттік қызметте басшылық қызметтер атқарды.

2007- 2008 жылдары Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болды. 2008-2009 жылдары «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары және ҚР президентінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2009 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры лауазымында болды. 2016 жылдың қазанында сенат депутаты болып тағайындалды.

sputniknews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық