jasqazaq.kz

Дарабоздар дараланды

13 сәуiр 2019, 14:35

     Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында алғаш рет «Ұлттық өнер» факультетінің негізі 2019 жылы 28 ақпанда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында қаланған еді. Факультет құрамына «Дәстүрлі музыка өнер» және «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедралары кіреді. Бүгінде аталған кафедралардың түлектері Халықаралық, Республикалық өнер додаларда топ жарып жүр. Студенттерге республикаға белгілі өнерпаздар Р.Стамғазиев, П.Момынов, Н.Жанпеисов, М.Абуғазы, Т.Мұқышев, С.Бапанова, Р.Базарбаева, Е.Даубаев сынды кәсіби тәжірибелі оқытушылар білім береді.  Олардың қатарына дәстүрлі өнер саласы бойынша білікті мамандар тартылуда. Осыған  орай 12 сәуір күні Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында дәстүрлі «Ашық есік күні» аясында Елбасының «Ұлы даланың  жеті қыры» атты мақаласы және «Жастар жылына» орай «Ұлы дала дарындары» атты Республикалық жас өнерпаздар байқауы өткен болатын.

Дәстүрге айналған мерекелік шараға келген талапкерлер және өзге де ынта қоюшылар Академияға қабылданатын мамандықтармен танысып, оқытушылармен кездесті. Сондай-ақ, жеті факультет жөнінде білікті профессорлық-оқытушылық құраммен жүздесіп, факультетет бойынша толық мәлімет алды. Сонымен қатар даярлық бағдарламасымен танысып, мамандық таңдау бойынша сұрақтарына жауап алды.

Ресми ашылудан кейін белгілі өнер қайраткерлерімен және шығармашыл жастармен кездесу өтті. Шараға Академияның өнерпаз студенттерімен қатар бүгінде қазақ эстрадасында өзіндік орны бар «Эстрадалық өнер» факультетінің магистранттары Динара Сұлтан, Айқын Төлепберген, сондай-ақ осы факультеттің  студенті Ернар Айдар келушілер алдында өнер көрсетті.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында дәстүрлі «Ашық есік күні» аясындағы шараға қонақ ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Канн фестивалінде «Ең үздік әйел рөлі үшін» атағының игері, «Азияның үздік актрисасы» Самал Еслямова құрметті қонағы ретінде қатысып, құттықтап сөз сөйледі.      «Ұлттық өнер» факультетінде ашылғалы жатқан «Айтыскер ақын» мамандығы бойынша курс қабылдайтын ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ж. Ерманов арнайы шақырылып, Академия ректоры Асхат Маемиров дүйім жұрттың алдында айтыс майталманына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы академиялық ғылыми кеңестің шешімімен Ерманов Жүрсін Молдашұлына «Құрметті профессор» атағы берілгендігін хабарлап, куәлігін табыстады. Жүрсін Ерманов өз сөзінде: «Бір кездері өзіміз тәлім алған Қазақ Ұлттық өнер академиясы ғимаратына келіп, осындай құтты күні тосын сыйға ие болып тұрмын. Бұл менің ұзақ жылғы еңбегіме жасалған қошемет деп ойлаймын. Қазір ғана жаңадан ашылып жатқан «Айтыскер ақын» мамандығына оқуға келгісі келетін талапкерлерді тыңдап жатырмыз. Ел іші қазына. Әрине, талантты балалар бар. Қазылар алқасы атынан осы жастардың арасынан қазақ өнерінің туын көкке көтерер таланттар шығарына кәміл сенеміз. Елден келген балалар өнерін танытып жатыр. Ашық есік күнінде Академия табалдырығын аттағысы келетін талапкерлердің барлығына табыс тілеймін. Тәуелсіз Қазақстанымыздың көшін алға сүйрейтін нағыз мамандары болыңдар. Жаңа буын, жас қауым, бақтарың ашылсын. Өнер академиясы ректорынан бастап барлық ұжымына жемісті еңбек тілеймін. Біздің болашағымыз сіздердің қолдарыңызда, жеңіске жете беріңіздер»,– деп ыстық ықыласын білдірді.

Республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

11-12 сәуір күндері аралығында өткен «Ұлы дала дарындары» атты Республикалық жас өнерпаздар байқауына музыкалық және көркемсурет  орта оқу орындарының 4-курс студенттері мен арнайы мамандандырылған музыка және көркемдік мектептерінің 12-ші сынып оқушылары қатысып, 12 номинация (ән, жыр, домбыра, қобыз, сыбызғы-сазсырнай, жетіген, шертер, айтыс, көркем қыш, көркем тоқыма, зергерлік іс, ағашты көркемде өңдеу) бойынша бақ сынады.

«Көркем тоқыма» номинациясы бойынша

бас жүлде Кошуак Фатима Рахметқызы (Ә.Қастеев  атындағы  Өнер  және дизайн  колледжі).

І орын – Әбдімәлік Әсем Бақытжанқызы (Ә.Қастеев  атындағы  Өнер  және дизайн  колледжі).

«Металды көркемдеп өңдеу» номинациясы  бойынша

бас жүлде Абдыкеримов Мейрам (О.Таңсықбаев атындағы Алматы Сәндік-қолданбалы өнер колледжі).

   I орын – Жұмахан Нұрсұлтан Жекенұлы (Т.Жүргенов атындағы қазақ Ұлттық-өнер академиясы колледжі)

   II орын – Арғымбаева Алина (Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі)

    III орын – Нұрмұханбет Дидар Сағындықұлы (Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжі)

  «Ағашты көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша

бас жүлде Квак Николай Андреевич (Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжі)

I орын Бақытнұр Ақжан (Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжі)

II орын

Қожахметов Мейржан Серікжанұлы (Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжі)

 «Көркем қыш» номинациясы бойынша

бас жүлде Құдабаев Дінмұхаммед (Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі)

І орын Смоленская Дарья (Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі)

ІІ орын Данияров  Мирас (Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі)

ІІІ орын Орынбеков Бекзат Дәуренбекұлы (Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжі)

 

«Халық әні» номинациясы бойынша

бас жүлде Көпболсын Айсұлтан

І орын Қыздарбекова Гүлназ

ІІ орын Мұқанбетқызы Рамазан, Дауренбекұлы Бекжан

ІІІ орын Алпысбаева Әсия, Қазиев Нұржан, Ораз Айдынбек

Дипломант

Шапаев Төре

«Жетіген» номинациясы бойынша

І орын Жанахметова Мадина

«Сыбызғы» номинациясы бойынша

І орын Бақытнұр Ерқабыл

 

«Қобыз» номинациясы бойынша

бас жүлде Үсен Мария

І орын Әбілқасымова Әлия

ІІ орын Айдарбекова Әсел, Қыдырмұрат Әсел

ІІІ орын Оспанханова Диана, Құлжанова Мадина

Дипломант Көшенова Гүлзира

«Домбыра» номинациясы бойынша

бас жүлде Жұмағали Серік

І орын Сеилханов Рустам

ІІ орын Айтмағанбетов Мейрам, Өмиралиев Жанібек

ІІІ орын Ақихат Ләззат, Амантай Санат, Ысқақова Алтынай

Дипломанттар:

—Құрметбекұлы Бауыржан

-Нұржанқызы Назерке

-Рахымбай Талет

-Қонысбаев Темірлан

Айтыс номинациясы бойынша үшінші орынды – ақтөбелік жас ақын Тәуекелов Нұрсерік, Мұқанов Жаңажол және семейлік Байекенова Дильназ, екінші орынды – Гүлжан Ықылас, Базарбек Бекжан қанжығалады. Бірінші орын маңғыстаулық – Саламатов Мейірбек, ал бас жүлде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауылынан келген Өтепов Райымбек иеленді. Қазылар алқасының құрамы еліміздің көрнекті өнер қайраткерлері мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының білікті ұстаздарынан құралған болатын.

 

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының баспасөз қызметі

Фото: Ғалия Қалиева

 

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда