jasqazaq.kz

Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегінің өтетін уақыты белгілі болды

23 қазан 2019, 19:48

«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте-парақшасында мәлім еткендей, Рио Олимпиадасының чемпионы шаршы алаңға жаңа жылдың алдында шығады. «Елеусіновтің ісімен айналысатын компанияның менеджері Зия Алиевтен алынған ақпаратқа сәйкес, Елеусінов Лас-Вегастағы кәсіпқой бокс кеші аясында айқас өткізеді. Кештің басты оқиғасы — Дэниэл Джейкобс пен кіші

Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жек. Іс-шара 20 желтоқсанда «MGM Grand»-те өтеді. Данияр Елеусінов он раундтық жекпе-жек өткізеді. Боксшының қарсыласы әзірге белгісіз», — делінген хабарламада. Айта кетсек, Данияр Елеусінов бұған дейін жанкүйерлеріне сый дайындап жатқанын мәлім еткен болатын. Олимпиада чемпионы соңғы жекпе-жегін 14 қыркүйек күні өткізіп, америкалық Решард Хиксті (12-1-1, 6КО) бірінші раундта нокаутқа жіберген еді. Кәсіпқой рингтегі 8-інші жеңісінен кейін Елеусінов әлемдік рейтингте тоғыз сатыға жоғарылап, 161-ден 152-інші орынға жайғасты.

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда