jasqazaq.kz

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа қашан кететіндігін айтты

29 қазан 2017, 19:08

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов Астанада Бокс күніне арналған шарада өзінің әріптестерін құттықтап, алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлық спортшыларды Бокс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Барлықтарыңыз Олимпиада мен Әлем чемпионаттарында топ жарып, жеңіс тұғырына көтерілулеріңізге тілектеспін», — деді боксшы. Өзінің жоспарымен бөлісе келе, Данияр Елеусінов дайындығы туралы айтып берді. «Менің шаршы алаңға шықпағаныма біршама уақыт болып қалды. Екі немесе үш чемпионатқа қатысып, келесі жылы шетелге шықсам деймін», — дейді Рио Олимпиадасының чемпионы. Сонымен бірге, боксшы кәсіпқой боксқа көшу туралы сұраққа да жауап берді. «Қазіргі уақытта маған біраз ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Бірақ әуесқой боксқа қайтып оралғандықтан, ол ұсыныстардың барлығын қарап жатқан жоқпын. Меніңше, бұл ұсыныстарды екінші жоспарға қалдыра тұрсам деймін. Ауысып жатсам, ол туралы айтатын боламын», — дейді Елеусінов. Сонымен қатар, боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің кездесуіне қатысты пікірін білдірді. «Олар өте мықты жігіттер, лайықты қарсыластар. Өз салмағындағы үздік боксшылар. Сондықтан олардың айқасынан алғашқысындай әдемі боксты күтеміз. Менің ойымша, екеуі келесі кездесуінде тәуекелге баруды жиілетіп, ногдаун немесе нокаутқа ден қоя түсетін секілді. Головкин бірінші кездесуінде керемет өнер көрсетті. Бірақ қарсыласы да осал емес. Альварестің қорғанысы да, шабуылы да мықты. Біз әлбетте, өз жерлесіміз үшін тақым қысамыз», — дейді спортшы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде