jasqazaq.kz

Данияр Елеусінов әйелімен ажырасқаны туралы мәлімдеді

17 қараша 2017, 13:05


Қазақстандағы ең атақты спортшылардың бірі, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өзінің отбасындағы жағдай туралы айтты. Бұл жөнінде ол тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында әңгімеледі, деп хабарлайды baq.kz.

Данияр Елеусінов пен оның әйелі бөлек тұру жайлы жақында ғана шешкен.

«Негізінде, құпия ретінде сақтағым келген. Шынымды айтсам, қазір жанұям қасымда емес. Баламен араласамын, әрине. Мұндай шешімге жақында ғана келдік. Бірақ алда уақыт көрсетеді. Қазір қасымда емес», — деді боксшы.

«Данияр қазір бойдақ болып отыр ма сонда қазір? Кейбіреулер уақытша көрейік деп жатады…» деген Ләйлә Сұлтанқызының сұрағына да жауап берді.

«Сондай уақыт деп санасақ та болады. Бірақ қазір қасымда емес. Бөлек тұрып көрейік дедік. Ең бастысы, бұл жерде ұстап тұрған бала болатын. Балам қиналып қалмасын, бала толық жанұяда өмір сүрсін, әкесінен айрылмасын деген мақсат болған. Неше түрлі жағдай болады. Еркек болған соң, өз баламнан бас тартпаймын. Өз баламның бүкіл жағдайын жасаймын, қолымнан келгенше», — деді Данияр Елеусінов.

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті