jasqazaq.kz

Данияр Елеусінов 60 айқас өткізген боксшымен жұдырықтасады

01 наурыз 2019, 14:10

15 наурызда кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3КО) АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфияда кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BoxRec.com келтірген ақпаратқа сәйкес, 2016 жылғы Олимпиада чемпионының қарсыласы — 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортис (37-23, 18 КО). Алда Елеусіновті 8 раундтық айқас күтіп тұр. Бұған дейін Даниярдың қарсыласы Карлос Хименес (14-9-1, 8 КО) атты мексикалық деп күтілген еді. Алайда ол Елеусіновпен бокстасудан бас тартып, оның орнына қазақстандық Батыр Жүкембаевпен (14-0, 12 КО) қолғап түйістірем деп шешкен. Еске сала кетсек, былтыр Монакодағы бокс кешінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов бесінші жекпе-жегін никарагуалық Маркос Мохикамен өткізіп, қарсыласын нокаутқа жіберген болатын.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда