jasqazaq.kz

Данияр Ақышев еліміздің сыртқы қарызы туралы айтып берді

14 маусым 2018, 15:08

Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 168 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Парламент Сенатында тілшілерге Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, сыртқы борыштың 62 пайызы фирмааралық берешекке тиесілі. Ол негізінен Қазақстанның аумағында мұнай-газ жобаларын іске асыратын шетелдік компаниялар филиалдарының қарызынан тұрады. «Мемлекеттік сектордың сыртқы борышы 8 пайызды, мемлекет бақылайтын ұйымдардың үлесі — 16 пайызды, жеке сектордың борышы 14 пайызды құрайды», — деп түсіндірді Д. Ақышев. ҰБ басшысы соңғы 3 жылда Қазақстанның сыртқы борышы мемлекеттің және оның бақылауындағы ұйымдардың сыртқы борышының, сондай-ақ топішілік қаржыландырудың есебінен 10 млрд АҚШ долларына немесе 6% ұлғайғанын айтып берді. «Жеке қаржы секторының сыртқы міндеттемелері 4 млрд АҚШ долларына немесе 56 пайызға қысқарды», — деп атап өтті Д. Ақышев. Д. Ақышевтің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Үкімет мемлекеттік және квазимемлекеттік қарыз алуды бақылауды күшейтіп жатқанын айтты. Ұлттық банк өз кезегінде қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеу жұмысын жалғастырады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде