jasqazaq.kz

Даниал Ахметовтың қарындасын ұрлап кету әрекеті жасалды

20 қыркүйек 2019, 12:19


Ол қылмыскерлердің қолынан құтылып шыға алды.
Даниал Ахметовтың қарындасы Гүлфаз Аубанованы ұрлап кету әрекеті жасалды.

Бұл туралы Zakon.kz. хабарлады.  Оқиға Павлодарда болған. Полиция бұл фактіні растады. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 18 қыркүйекте болған.
— Полицияға 1958 жылы туған А. есімді азаматша хабарласып, 2019 жылдың 18 қыркүйегінде, сағат 07.40 шамасында Павлодардағы Есеналиев көшесіндегі №16 үйдің жанында тұрған белгісіз біреудің өзіне қарсы зорлық-зомбылық жасағанын айтты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы (Адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау үшін тергеу шараларын жүргізуде, деп хабарлады полиция.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қарындасы әр жылдары Павлодар облыстық ауруханасы бас дәрігерінің акушерлік көмек, балалар жөніндегі орынбасары, Павлодардағы «Данель» медициналық мекемесінің бас дәрігері және директоры, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы (департамент директоры) қызметтерін атқарған.
Соңғы лауазымы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде