jasqazaq.kz

Данэлия Төлешова Францияның атақты әншісімен дуэт айтты (видео)

11 наурыз 2018, 10:25

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова «BraVo» кәсіби музыкалық жүлдесінің мүсіншесіне ие болды, оны франциялық әнші Изабель Жеффруа табыс етті, ол Zaz деген лақап атпен танылған.

Қыздың пиар-агенттігіндегілердің айтуынша, Төлешова танымал әндер бойынша бірінші рет өткен «BraVo» халықаралық кәсіби музыкалық жүлдесінің «Болашаққа көзқарас» аталымында жеңіске жеткен. Марапаттау салтанаты кеше Кремльде өтті. Аты аңызға айналған Род Стюарт (Rod Steward), «Грэмми» жүлдесінің бірнеше мәрте иегері атанған Сил (Seal), «Europe» тобы және әнші Zaz гала-концерттің құрметті қонақтары болды. Данэлия жүлдесін Zaz қолынан алды. Ол франциялық әншімен қосылып «Je veux» хитін орындады.

Гала-концертте соңғы болып орындалған композиция да Төлешованыкі, «Другие» әні шырқалғанда жаппай флеш-моб өтті. Кейін жас әнші жүлдеге ие болғаннан кейінгі сезімі туралы айтып берді.

Еске сала кетейік, Данэлия Төлешова украиналық «Голос. Дiти» шоуының жеңімпазы атанған болатын. Ол суперфиналда «Не твоя війна» әнін орындады, залда отырған біраз адам және өз ұстазы Дима MONATIK көзіне жас алды. Бұған дейін Төлешова TengrinewsTV-ға сұхбат беріп, жеңісі жайлы, өзі жайлы әңгімелеп берген еді.

 

 

 

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде