jasqazaq.kz

Дана Нұржігіт: министр Біржан Нұрымбетовке әлеуметтік маңызды сауал қойды

12 желтоқсан 2019, 13:52

Дана Нұржігіт жалғызбасты аналардың жағдайына алаңдап, маңызды мәселе көтерді.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Дана Нұржігіт ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовке әлеуметтік маңызды сауал қойды.
Қазақстанда былтырғы жылдың көрсеткіші бойынша 10 жылда 1,5 млн неке қиылған. Дәл осы кезеңде жарты миллион отбасы ажырасуға шешім қабылдаған. Демек, жалғызбасты аналардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Егер ол жалғызбасты аналар балаларының әкелерінен алиментті өндіріп ала алмай отырса, экономикалық қиындық тап болса, атаулы әлеуметтік көмектен үміті бар ма? — деп сауал қойды сенатор.
Министрдің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек тек кедейшілік деңгейіне байланысты беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек тек табысының төмендігіне байланысты беріледі. Ол жерде жұбайы, баласының бар-жоғының болуына қарамайды. Егер табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен болса, міндетті түрде беріледі. Ал жұбайлардың арасындағы қатынасқа байланысты көптеген әңгіме болды. Тіпті, кейбір өңірлерде әдейі ажырасуға барғандар болған. Өйткені, АӘК алу үшін жұбайының табысын есептетпеуге байланысты жасатқан. Қазіргі заңда неке куәлігі қаралмайды. Ажырасып кетсе де олар бір отбасы болып ескеріліп, табыстары қаралады, — дейді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

baq.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда