jasqazaq.kz

Дана Нұржігіт: халықтың қаржылық сауаттылығына «шүйлікті»

17 қазан 2019, 12:27


Ал үкіметке қандай есеп бересің? Қалай есеп бересің?» десе, көршінің бұзауын әкеліп, көрсете саламын деп, ақшаны далаға шашқан болып шығады», — дейді Нұржігіт.
Сенатор Дана Нұржігіт халықтың қаржылық сауаттылығын көтермей, кредит беруге болмайтын айтты.
Сенаттың бүгінгі отырысында депутат ауыл шаруашылығы саласында кредит беру мәселесіне тоқталды. Осы орайда Нұржігіт жақында «Даму» қорында жұмыс істейтін журналист әріптесімен кездесіп, сөйлескенін жеткізді.
Ол кісі «Даму» қорына түсетін сұрақтармен айналысады. Сөйтіп, тікелей халықпен жұмыс істейді. Осы маманның сөзіне қарағанда, халықтың қаржылық сауаттылығы өте төмен. Ал сұрақтардың басым бөлігі жеке бастың шаруасынан аспай жатады.
«Тек «Мен несие ала аламын ба?», «Мен осыған дейінгі несиелерді сіздер арқылы жаба аламын ба?» деген сияқты сұрақтардың аясынан шықпайды екен. Сосын «Өрлеу», «Бастау» сияқты бағдарламалар бойынша қаржы алдым, бизнес бастайтын болдым деп ақшаны алады, ал кейін үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, я болмаса, құдайы беріп, құда шақырып, сондай өзінің жеке басының шаруаларына ақшаны жұмсап жібереді екен. «Ал үкіметке қандай есеп бересің? Қалай есеп бересің?» десе, көршінің бұзауын әкеліп, көрсете саламын деп, ақшаны далаға шашқан болып шығады», — дейді Нұржігіт.
Депутаттың ойынша, халықтың қаржылық сауаттылығын көтермей, ақшаны бөлудің қажеті жоқ.
«Қаржылық сауаттылықты көтермей, ауыл шаруашылығындағы бизнес бастау жобаларын жіті бақыламай, нақты сұрақтарды қоя білетін адамдар алдына келмей, ақшаны бөлудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Міне, осыған жіті назар аударылса екен деймін», — деп атап көрсетті Нұржігіт.

Sputnik Қазақстан

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда