Damumed жүйесіндегі жалған тіркеуді көп жасап, пайда көрген аймақтар белгілі болды. Азаматтардың жеке мәліметін пайдаланып, ойларына келгенін істегендердің дені Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматыдан екен. Қосымшадағы жазбаларды тексеріп жатқан қазақстандықтар тіпті, кішкентай балаларының өзі сан түрлі дәрігерге «қаралып» үлгергенін көріп, аң-таң болуда.Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.
Сонымен талан-таражға түскен 75 миллион теңгені кім қайтарады?
Осыған дейін де сан мәрте сыннан арылмаған медицина саласы тағы да дауға қалды. Damumed ақпараттық жүйесінің айналасындағы шу күннен-күнге күрмеліп жатыр. Жұрт індетпен арпалысып, бір жұтым ауаға зар болып отырғанда, шімірікпей алаяқтыққа барғандардың дені Маңғыстау облысынан екені белгілі болды.
Енді қазақстандықтар жаппай Damumed қосымшасына кіріп, өзінің жалған қабылдауда болған-болмағанын тексеріп жатыр. Желі қолданушысы Сара Бәкірова өзінің мүлде танымайтын адаммен некеде екенін анықтаса, Сергей Алабугин бірнеше рет әйелдер дәрігерінің қабылдауында болғанын көріп, аң-таң. Ал кейбірінің осыған дейінгі шағымдарын ескеріпті.
Назгүл Омарова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
Денсаулық сақтау министрлігі де бұл былыққа кінәлілердің қап-қап қылмыстық жауапкершілік арқалайтынын айтады. Сондақ-ақ, дәрігер мен емхананың әрбір қараған науқас үшін белгілі бір пайызда ақша алып отыратынын жоққа шығармады.
Өкінішке қарай, ресми өкілдің жауабы мен қалалық емхана қызметкерлерінің сөзі бір жерден шыққан жоқ.
Анна Шевченко, бас дәрігердің емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары:
Айтпақшы, Damumed ақпараттық жүйесін ойлап тапқандарың шындығы басқа. Аталған ұйым ақпан айында жүйеде олқылықтардың барын айтып, сол кездегі Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішовке хат жолдаған көрінеді. Ал жуырда ғана ұсталып, қамауға алынған экс вице-министр ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен тергелуде.
Наталья Киль, «Даму» ақпараттық орталығының бас директоры:
Осылайша, Damumed төңірегіндегі түйіннің әзір шешілер түрі жоқ. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев жағдайды бақылауға алып, Damumed қосымшасындағы жалған жазбалар фактісін тексеруге кірісті. Бас прокуратура да 28 тамызға дейін 76 миллион шығынның кімге тиімді болғанын анықтаймыз деп отыр.