jasqazaq.kz

Дамудың даңғыл жолы

18 маусым 2021, 13:06

Биылғы жылдың Қазақстан мен көршілес Қытай үшін маңызы зор. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қытай коммунистік партиясының 100 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп отыр.

Қытай коммунистік партиясының осы ел тарихында алатын орны айрықша. 100 жылдық тарихы бар компартия бүгінде дамудың даңғыл жолында. «Қытайдың тарихи ғажайыптары» атты халықаралық онлайн басқосуда осы және өзге де тақырыптар сөз болды. Жиынға Қазақстан, Қытай, Ресей елдерінің сарапшы ғалымдары мен қытайтанушы мамандары қатысты.
Іс-шараның модераторы қытайтанушы-сарапшы Антон Бугаенко жиынды ашқан құттықтау сөзінде: «Қытай коммунистік партиясының 100 жылдығында партия алдында тұрған табыстар мен міндеттер, сондай-ақ оның дамудағы рөлі туралы айтуға қолайлы жағдай туды», – деді. Ал Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Сяо мұны жаһандық оқиға деп атады. Ол: «Әрине, бұл құбылыс бүкіл әлем елдері қоғамдастығының назарында. Бір жағынан бұл халықаралық қоғамдастықтың Қытай мен ҚКП-ға қызығушылығының артуын көрсетсе, екінші жағынан, Қытай мен ҚКП-ның геосаяси және геоэкономикалық жағдайға, сондай-ақ ғаламдық басқару жүйесін қалыптастыруға ықпалын паш етеді. 100 жыл ішінде Қытай коммунистік партиясы 50 адамнан тұратын бірнеше марксистік үйірмеден 92 миллион мүшесі бар әлемдегі ең ірі басқарушы партияға айналды. Қиын да қилы кезеңдерден өтті. Қытай коммунистік партиясы мен «Нұр Отан» партиясы – стратегиялық бағыттағы көпжылдық әріптестер. Бұл серіктестік екі елдің дамуына, мемлекетаралық қатынастарды реттеуге бағытталады. Екі партия да өмірлік тәжірибемен бөлісіп, бір-бірімен етене араласады», – деді.

 

Жан СЯО

Жан СЯО

 

Антон БУГАЕНКО

Антон БУГАЕНКО

 

Болат НҰРҒАЛИЕВ

Болат НҰРҒАЛИЕВ

 

Тимур ШАЙМЕРГЕНОВ

Тимур ШАЙМЕРГЕНОВ

 

Юрий ТАВРОВСКИЙ

Юрий ТАВРОВСКИЙ

 

Ван ЮЕ

Ван ЮЕ

Қазақстан сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институтының басқарма төрағасы Болат Нұрғалиевтің айтуынша, бүгінгі кездесудің тақырыбы өзекті. Ол өзі ойын былай деп ортаға салды:

«Қазіргі Қытай, әлемдік экономиканың шешуші драйвері ретінде, халықаралық даму мен ынтымақтастықта үнемі өсіп келе жатқан ел. Мені, әсіресе, коммунистік партия шешуші рөл атқаратын әлеуметтік-экономикалық қайта құру мен жаңарудың қытайлық динамикасы таң қалдырды. Қытайдың және қазіргі әлемнің дамуына ҚКП-ның сындарлы әсер ету құбылысы айтарлықтай ғылыми және практикалық қызығушылық тудырады. Шанхай ынтымақтастық ұйымында 3 жылға жуық Қытайда қызметте болдым. Жұмыс істей жүріп, бұл елдің әлеуетінің жоғары екеніне көз жеткіздім. Әсіресе, ҚКП үлкен рөл ойнайтын әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы қызықтырды. Партияның арқасында Қытай аграрлық мемлекеттен өндірісі дамыған, технологиясы озық мемлекетке айналды. Ел екі кезеңде-ақ кедейшілікті жеңді».
Басқосуда Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергенов сөз сөйлеп, қос мемлекет арасындағы қарым-қатынастың дамуына Елбасының қосқан үлесін еске алды.

Ол: «2015 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаев ҚКП Орталық партия мектебінде дәріс оқыды. Дәріске қатысушыларға Елбасы «Бүгінгі қатысушылар, ертең ҚКП-ның жол бастаушылары болады. Сіздер мемлекеттің арманын жүзеге асыратын қозғаушы күші боласыздар. Қытайдың өрлеуі – бүкіл аймақтың дамуына мүмкіндік деп санаймыз. Екі ел арасындағы «Жібек жолы» жобасы геосаяси әрі геоэкономикалық бағытта өзінің маңызды рөлін көрсетті. Қытай экономикасын әлі де мемлекет реттеп отырады. Бірақ нарықта жекеменшік өнеркәсібін дамытып отырғандар да бар», – деген сөзін келтірді.

Шығыстанушы, Ресей халықтар достығы университетінің профессоры, Еуразия телерадио академиясының президиум мүшесі Юрий Тавровскийдің сөзі де ерекше назар аударарлық.
«ХХІ ғасырда социалистік қоғам құрудағы өзінің тамаша табыстарымен Қытай коммунистік партиясы «қызыл жобаның» барлық жақтастарын шабыттандырды. Сонымен қатар социалистік идеялардың қайта өрлеуі мен салтанат құруына ықпал етті», – деді ол.

Өз кезегінде Бейжің аэронавтика және астронавтика университеті шет тілдері институты директорының көмекшісі, белгілі қытай аудармашысы Ван Юе 2021 жылы Орталық Азия елдерінің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толғанын атап өтті.

«Қытай Орталық Азия елдерімен дипломатиялық қарым-қатынасты алғашқылардың бірі болып орнатты. Орталық Азиядағы бес мемлекет басшылары барған алғашқы елдердің бірі болды. Біздің ойымызша, Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың дамуы Орталық Азия елдеріне жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Қазақстан мен үшін ыстық. Осыдан 12 жыл бұрын мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Ақтау мен Атырауда қызмет еттім. Орталық Азия елдері – батыс пен шығысты, оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын алтын көпір. Қытай мен Орталық Азия елдерінің экономикалық қарым-қатынасы жаңа мүмкіндіктерге жетелейтінін білеміз. Сондықтан екі ел арасындағы байланысқа өз үлесімді қосуға дайынмын», – деді.

Дөңгелек үстел барысында «Шыңжаң шындығы мен деректері» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді. 23 шілдеде ғасырлық тарихы бар, жаһандағы ең қуатты партияның бірі – Қытай коммунистік партиясының құрылғанына 100 жыл толады. Бұл мерейлі датаны Аспан асты елімен бірге онымен ынтымақтастық орнатқан барлық елдер атап өтеді.

Мақпал Ноғайбаева

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия