jasqazaq.kz

Дамір Рыспаев «Барыс» сапына қайта қосылды

27 желтоқсан 2017, 16:54

Елорданың «Барыс» хоккей клубы маусымның соңына дейін Дамір Рыспаевпен екіжақты келісімшартқа отырды. Рыспаевпен бірге «Барысқа» Константин Савенков пен Иван Кучин бармақ.

Айта кетерлігі, Дамір Рыспаевқа кешегі күннен бастап Құрлықтық хоккей лигасына қатысуға рұқсат берілген. Одан бұрын Құрлықтық хоккей лигасы мен Ресей хоккей федерациясының бірлескен тәртіптік палатасы хоккей саңлағы Рыспаевқа Ресейде өтетін турнирлерге қатысуға рұқсат берген болатын. Алайда ҚХЛ-да «барыстық» ойыншының ойынға қатысу-қатыспауы мәселесі басы ашық күйінде қалып келген еді. Осылайша, Қазақстан Президенті кубогы үшін өткен «Барыс» – «Куньлунь» арасындағы матчтан кейін спортшыға берілген мерзімсіз шеттеу (дисквалификация) алынып тасталды. Дәл сол матчта Рыспаевтың қатысуымен мұз айдынында төбелес болып, осы себепті қытайлық команда ойынды жалғастырудан бас тартқан болатын.

Vesti.kz

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды