
M-1 Global экс-чемпионы Дамир Исмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ол бұған дейін жеңіліп көрмеген австралиялық Алекс Джоджестен басым болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА сілтеме жасап.
Осылайша, Дамир Исмағұлов австралиялық Алекс «Хитмэн» Джорджесті жеңіп, UFC-ге алғашқы қадамын сәтті жасады. Төрешілер бірауызды шешіммен жеңісті Ресей атынан шығып отырған қазаққа берді. Айта кетейік, Дамирдің қарсыласы өз мансабында алғаш рет жығылды. Ол бұған дейінгі 7 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған болатын. Төрешілердің шешімін естіген соң Исмағұлов рингке өзіне жақын екі мемлекеттің — Қазақстан мен Ресейдің туларын алып шықты.
27 жастағы Дамир кәсіби мансабында 27 рет жеңіске жеткен. Оның он шақтысын мерзімінен бұрын аяқтаса, екі рет жеңіліп қалды. 16 қарашадан бастап UFC-дің жекпе-жек шебері саналады.