
Павлодар ауданы Ефремовка ауылында қамыс пен құрғақ шөп жанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Бірінші маусым күні сағат түнгі 01:15-те Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық округінің Ефремовка ауында өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Ол Павлодардың №3 өрт сөндіру бөлімінен 43 шақырым жерде», — деді Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде.
Ашық аумақта 200 шаршы метр жерде қамыс пен құрғақ шөп жанған. Өрт сағат 03.20-да сөндірілді, деп хабарлады ТЖД.
«Өрттің себебі – тұрғындардың отты абайсыз пайдалануы. Халықтың отты абайсыз қолдануы. Оқиға орнына жеке құрамның төрт адамы және бір техника барды. Шығын жоқ», — деп атап өтті департаментте.
Әлеуметтік желіде осы өрт оқиғасына қатысты видео тарады.
«Мұнда — өрт, содан кейін үйлер тұр», — деп түсіндірді оқиға куәгері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram