jasqazaq.kz

Дала қаскөйлері тыйылмай тұр

16 сәуiр 2021, 10:25

Орал-Атырау тас жолында 3 тонна балық тиеген браконьер ұсталды. 46 жастағы азаматтың көлігін тінткен кезде бекіре табылыпты. Күдікті заңсыз ауланған балықты он шақты қапшыққа бөліп салған. Оның 2,5 тоннасы ұсақ балық, 50 келісі – бекіре екен. Бірақ әлгі азамат ешқандай рұқсат қағазын көрсете алмаған. Енді балықшы 450 мың теңге айыппұл төлейді немесе 40 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті басқармасының табиғат қорғау инспекторының айтуынша, күнь жылынып, мұз ерігелі заңсыз балық аулайтындар көбейген.

«Барымта» балыққа ғана тиіп отырған жоқ. Бөкейорда ауданының үш тұрғыны 800 тал киіз мүйізін көлікке тиеп алған жерінен құрықталды. Экологтардың есептеуінше, олар 2 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Күдіктілер: «Біз киіктерді атпадық,
тек өліп жатқандарының мүйізін кесіп алдық», – деп ақталыпты. Бұл кәсіппен былтыр күзден бері айналысатын көрінеді. Бірақ олардың уәжіне тәртіп сақшылары илана қойған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп, мүйізді сатып алушы дөкейлер де іздестірліп жатыр.

Айдос Құсайынұлы

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия