jasqazaq.kz

Дәйексіз даурықпа

06 маусым 2019, 21:44

Ұлттық банк әлеуметтік желіде «сайлаудан кейін теңге құнсызданады» деген алып-қашпа әңгімеге қатысты ұстанымын білдірді. Банкирлер мұны дәйексіз даурықпа деп бағалады. Сондай-ақ «Еуразия экономикалық одағына мүше елдерде ортақ валюта — «алтын» айналымға енгізіледі» деген пікірді де жоққа шығарды. Олар мұндай болжамсымақтың шындыққа жанаспайтынын, төл теңгенің ахуалы ұдайы бақылауда екенін мәлімдеді.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков әлгі сыбыстың шындыққа мүлдем жанаспайтынын айта келе, жұртты мұндай қауесетке сенбеуге шақырды. Ол КТК телеарнасының тілшілеріне берген сұхбатында «Теңге бағамының аздап әлсіреуіне бірнеше фактор әсер етті. Атап айтқанда, АҚШ-та пайыздық мөлшерлеменің өсірілуі, мұнай бағасының арзандауы, және тағы басқа да себептер. Бұл жылда болып тұратын құбылыс. Сондықтан ақша айырбастау орындарына жүгірудің қажеті жоқ. Сондай-ақ «жақын уақытта «алтын» айналымға енгізіледі» деген мәселе, тіпті күн тәртібіне де қойылып отырған жоқ», – деді.
Қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында теңгенің бағамы тұрақталды деуге толық негіз бар. «Қара алтын» бағасының арзандауы ұлттық валютаға әсер етуіне келсек, әлемдік биржада бұл жетіде шикізат құнының төмендегені рас. Бұған әлемдегі ең ірі тұтынушы Америкадағы мұнай қорының молдығы ықпал еткен тәрізді. Дегенмен, кеше Brent маркалы мұнай бағасының қымбаттап, оның әр баррелі 61 долларға дейін өсті. Ал мамандар әлемдегі қаржы, мұнай нарығындағы жағдай алдағы уақытта да құбылатынын алға тартады. Бірақ бұл ұлттық валютаның күрт құнсызданып кетуіне себеп бола алмайды. Журналистерге осы тұрғыда өз ойын білдірген экономист Әкімжан Арупов теңге аздап құнын жоғалтуы мүмкін, алайда девальвацияның ауылы бізден алыс деген пікірде. Ол: «Метал, мұнай, газ, яғни әлемдік тауарлардың нарығында баға жиі құбылып тұрады. Ол біздің елге тікелей әсер етуі де мүмкін. Дегенмен, бұл уақытша үрдіс. Бұл жерде жаз маусымы басталып, өзге валюталарға сұраныс артқанын да назарға алған жөн. Сонымен қатар терістік көршіміздегі рубль бағамының тұрақты екенін де ескерген жөн», – дейді.
Айта кету керек, «қара алтынның» құны төмендеген соң рубльдің долларға шаққандағы бағамы да құнсызданды. Шамалы ғана. Сарапшылардың айтуынша, Ресей Орталық банкі рубльдің тұрақты бағамын ұстап тұруға айрықша көңіл бөліп отыр. Айта кеткен жөн, өзге елдерде де қандай да бір саяси науқан қарсаңында әлеуметтік желі арқылы ақша бағамына қатысты алып-қашпа әңгіме тарату – жиі болмаса да, кездесіп тұратын құбылыс. Сондықтан, қаржы мамандар дәйексіз даурықпаға сенбеуге шақырады.

Сымбат Ғалымбекұлы,  журналист

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық