jasqazaq.kz

Д.Қуат: Ақпараттық технологияның дамуы оқырманымызбен байланысымызды үзбеуге септігін тигізді

05 маусым 2020, 13:21

Коронавирус пандемиясы газет-журналдарға айтарлықтай кері әсерін тигізді. Бұл туралы отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Қуат Дәурен айтты.  

Індет БАҚ саласының ішінде газет-журналдарға кері әсерін тигізді. Шетелдік баспасөздерге де оңай тимеді. Оқырмандары белсенді Еуропаның өзінде таралымы мол бірнеше газет жабылып қалды. Еуропадағы газеттердің мұндай ахуалы бізді де айналып өкен жоқ. Осы жиынның алдында халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлымен, «Jas qazaq» газетінің бас редакторы Срайыл Смайылмен сөйлестім. Қысылтаяң кезде бұл газеттер шығарылымын тоқтатуға мәжбүр болған. Біздің журналистер осындай шақта газеттің сайтына жұмыс істеді. Мысалы, біздің «Қазақ әдебиеті» газеті бір айдай жұмысын тоқтатып тұрды. Бірақ оқырмандарымыздан қалайда қол үзбеу мақсатында сайтқа көңіл бөлдік. Соның ішінде «күй шеру» деген челлендж өткіздік. Елде болып жатқан оқиғаларды қалт жібермей, қадағалап отырдық. Ақпараттық технологияның дамуы оқырманымызбен байланымызды үзбеуге септігін тигізді, – деді Д.Қуат.

 ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық