jasqazaq.kz

Д.Қонаев даңғылының құрылыс кезеңдері жіті бақылауда

23 шiлде 2022, 16:46

Шымкент әкімі М.Әйтенов бүгінгі қаладағы жол құрылысы нысандарын аралау барсында Қонаев даңғылының бесінші кезең жұмыстарын көрді.

Д.Қонаев даңғылының осы кезеңдегі құрылыс жұмыстары Бадам өзенінен бастап Д.Қонаев даңғылы жалғысының 6 кезеңіне дейін аралықты қамтиды.

Құрылыс жобасы бойынша Д.Қонаев даңғылы 5 кезеңінің ұзындығы 4,6 шақырым, жолдың ені 23 метрді құрайды. Жолдағы салынып жатқан аяқжолдың ені 3 метр, 6 қозғалыс жолағы бар. 5 кезеңнің жұмыс шеңберінде жол негізін әзірлеу, тас төсеу, суағарларды орнату, су өткізгіш құбырын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, құрылыс белдеуіндегі инженерлік желілерін ауыстыру жұмыстары жоспарланған.

Сонымен қатар, Д.Қонаев даңғылында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың бірі — тірек қабырғаларын орнату. Оның ұзындығы оң жағынан 1620 метрді құрайды. Сол жағынан 1689 метр. Биіктігі 0,6 метрден 14,25 метрге дейін.

Мұнан кейін қала әкімі Абай ауданы Игілік тұрғын алабындағы жоспарланған орташа жөндеу жұмыстарын тексерді.

Мұнда бірқатар көшелерге биыл асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Сергелі, Шеңгелді, Беріктас, Бабата, Атауы жоқ 32,33,34,35 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Игілік тұрғын алабында жалпы 6,8 шақырым жолға асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары көзделген. Бүгінгі таңда жұмыстар аяқталуға жақын.

Биыл бекітілген жоспарға сәйкес, қаламыздың магистралды көшелерінен бөлек ішкі орам көшелерге көбірек көңіл бөлінуде. Шаһарда автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 247,6 шақырымды құрайды. Биыл көлік инфрақұрылымын дамыту ншін 347,8 шақырым болған көшеде жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр Нәтижесінде қаладағы жақсы және қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесі 67,4 % құрайды. Ал, 2025 жылға көрсеткішті 79 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр