jasqazaq.kz

Д.Кәлетаев: Жастарға арналған пәтерлер биыл беріледі

08 ақпан 2019, 14:02

ҚР Қоғамдық даму министрі Дарxан Кәлетаев республикалық маңызы бар үш қалада жастарға арендалық баспананы тарату мерзімі туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат xабарлады.

Министрдің айтуынша, осы айдың аяғына дейін аталған бастаманы іске асыру тетіктерін әзірлеу көзделіп отыр. Қазіргі кезде тұрғын-үй саласына жауапты меморган — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігімен талқылау шаралары басталды. «Жастарға арналған пәтерлер биыл таратылады. Енді, оны біз емес, жергілікті атқарушы органдар береді. Біз нақты талаптарын әзірлейміз. Ағымдағы жылы үш қалаға, шамамен, 1 мың пәтер бөлінеді. Бұл — Президенттің тапсырмасы. Сонда Астана, Алматы мен Шымкенттің әрбіреуіне 300-ден астам пәтер келеді», — деді Д.Кәлетаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. Оның сөзіне қарағанда, биыл жастарға арналған типтік тұрғын үйлерді салып шығу мүмкін емес. Оған қоса, арендалық баспананың ауданы 40-50 шаршы метр болады деген жоспар бар. Сол себепті әкімдіктер әзірше дайын үйлерді сатып алады да, жастарға таратады. Одан кейін типтік нысандарды салу жоспарланған. «Әзірше, арендалық төлемнің көлемі 10-12 мың теңге болса екен деп отырмыз. Бұл — алдын ала есеп. Сосын коммуналдық төлемдер тағы бар», — деп атап көрсетті Д.Кәлетаев. Айта кетейік, күні кеше Сенатта өткен жиында министр Кәлетаев жастарға пәтер беру шарттарын жариялаған болатын. «Бірінші параметр бойынша 29 жасқа дейінгі деңгей айқындалды, себебі заңнамаға сәйкес, жастар санаты 29 жасқа дейін белгіленген. Екінші параметрге тоқталсақ, жастар міндетті түрде жұмыс істеуі тиіс», — деді Д.Кәлетаев. Аталған тапсырманы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылуында жариялады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда