jasqazaq.kz

Cу басқан елді мекендерден 31 мың адам эвакуацияланды

04 мамыр 2020, 11:14

Мақтарал ауданының су басқан елді мекендерінен 2 мамырдан бастап 31606 адам эвакуацияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Мақтарал ауданының су басқан елді мекендерінен 2 мамырдан бастап 31606 адам эвакуацияланған. 4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй), Өргебас (194 үй), Достық (11 үй) елдімекендерінен жалпы саны 631 үй су астында қалды.

2 мамырдан Атакент елді мекенінде 24 эвакуациялық бөлім құрылып, жұмыс жүргізуде.

Апаттан құтқару жұмыстарына жалпы саны 986 адам, 4 қайық, 180 дана техника тартылған. Полиция тарапынан Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Нұрлыжол, Иіржар елді мекендерінде бір, Т. Жайлыбаев ауылында екі блок-бекет құрылып, оның жалпы саны 7-ге жетті.

3115 ірі қара мал, 1101 ұсақ мал, 585 жылқы, 34 түйе Келес ауданы, Қызыләскер ауылына жеткізілді.

Бұдан бөлек, 1797 ірі қара мал, 6029 ұсақ мал, 689 жылқы, 381 түйе, 165 шошқа Мақтарал ауданындағы су басу қаупі жоқ жерге жеткізілді.

Сондай-ақ, Түркістан облысындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды .

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық