jasqazaq.kz

Cу астында сүйіктісіне ұсыныс жасаймын деп көз жұмды (видео)

23 қыркүйек 2019, 14:15

АҚШ-тың Луизиана штатының тұрғыны Стивен Вебер сүйіктісіне су астында ұсыныс жасаймын деп көз жұмды. Ол су бетіне шыға алмай қалған. Бұл туралы қайтыс болған ер адамның сүйіктісі Кенеша Антуан Facebook желісінде жазды.

Стивен Вебер мен оның сүйіктісі Кенеша Анутан Танзаниядағы ағаштан салынған үйде демалып жатқан. Үйдің бөлмелерінің бірі су астында орналасқан екен. Ер адам сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасамақ болып, су астына түсіпті. Ол терезенің арғы жағынан қызға жүзік пен «Маған тұрмысқа шықшы!» деп жазылған қағазды көрсетеді. Алайда Стивен сүйген қызынан жауап ала алмады. Себебі ол су бетіне шыға алмай қалып, көз жұмған.

Кенеша әлеуметтік желіде өміріндегі ең бақытты күннің қорқынышты жағдайға айналғанын жазды. Сүйіктім екеуіміз отбасылық өмірге аяқ баса алмаймыз, дейді ол.

Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде