jasqazaq.kz

COVID-19: Нұр-Сұлтанда 230 адам реанимацияда жатыр

22 шiлде 2021, 14:28

Елорда бойынша COVID-19 жұқтырған 47 пациент ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінде бізде реанимацияда 230 пациент бар. Оның ішінде 47 пациент өкпені инвазивті желдетуде. Бұл – ең ауыр халдегі науқастар. Олардың арасында вакцинацияланған пациенттер жоқ», — деп хабарлады Тимур Мұратов елорда әкімдігінің онлайн-брифингінде.

Ол қала бойынша вакцинаның бірінші компонентін 320 мыңнан астам адам алғанын, 200 мың адам иммундау курсын аяқтағанын атап өтті.

«Мен вакцинацияның толық ұжымдық иммунитет қалыптасқан кезде тиімді екенін тағы бір рет айтқым келеді. Яғни, біз халықтың 60 пайызын вакцинацияласақ, яғни 650 мыңнан астам екпе қабылдаса, онда біз бәріміз қауіпсіз өмір сүреміз», — деді ол.

15 шілдеде елордада 201 науқас реанимацияда жатыр деп хабарланған болатын.

Сондай-ақ, Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұр-Сұлтандағы COVID-19 ауруының күрт өсуін астаналықтардың Бурабайға жаппай демалуы мақсатында баруымен байланыстырды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия