jasqazaq.kz

COVID-19: Қазақстанда экспресс-тесттен кім өте алады?

04 сәуiр 2020, 13:58

#үйдеотыр

Мемлекеттік комиссияның жедел штабы COVID-19 індеті бойынша кімдердің бірінші тексерілетінін мәлім етті. Жедел штабтың мәліметтері бойынша, алғашқылардың бірі болып тексеруден: коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын адамдар, жедел жәрдемнің, амбулаториялық-емхана ұйымдарының, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері; тыныс алу органдарының ауыр созылмалы аурулары бар, диспансерлік есепте тұрған адамдар; науқастармен байланыста болған адамдар; коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері; карантин аймақтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері (коммуналдық қызметтердің, азық-түлік, дәрі-дәрмек сататын сауда нысандарының, тамақ жеткізумен айналысатын қоғамдық тамақтану объектілерінің, зарарсыздандыру қызметін көрсететін ПИК қызметкерлері, көлік жүргізушілері және т. б.) Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тесттен өте алады. Экспресс-тесттердің дұрыстығы 90%-дан кем емес. ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының сайтында пациенттің деректерін енгізуге арналған сауалнама жасалды, эпидемиологиялық іріктеудің қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілетін болады.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі