jasqazaq.kz

Covid-19: Қайтыс болған дәрігерлердің бірде-біріне өтемақы төленбепті (видео)

16 шiлде 2020, 22:32

Cоvid-19 вирусынан көз жұмған дәрігерлердің бірде-біріне әлі уәделі өтемақы төленбепті. Қызмет барысында коронавирус жұқтырған дәрігерлерге 2 миллион, ал осы аурудан көз жұмған медицина маманының туыстарына 10 миллион теңгеден төленеді деп кезінде президент бекіткен еді. Өтемақы былай тұрсын, қазіргі уақытта вирусты жұқтырып пневмонияға шалдыққан дәрігерлердің нақты санының өзі белгісіз. Бір анығы, 51 медицина қызметкері аталмыш індеттен қайтыс болған.

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сондай-ақ, осыдан бір ай бұрын алынады деген 1 миллион 200 мың ПТР-тест әлі жоқ. Нақты қашан алынатыны тағы белгісіз. Денсаулық сақтау министрлігінің вируспен күрестегі хал-ахуалы туралы тілшіміз біліп қайтты. Басын қатерге тіккен дәрігерлерге вируспен күресте індетті жұқтырып, я осы дертен дәм-тұзы таусылса, миллиондап өтемақы төленеді деген ақпарды сала мамандары қуана қарсы алған. Бірақ әлі күнге қайтқандардың бірде- біреуіне төлем жасалмаған. Көз жұмған 51 дәрігердің біреуінің болсын соңында аңырап қалған ағайын-туғаны 10 миллион алса, ол ақпарды жасырудың мәні не? Тіпті қазіргі уақытта нақты қанша дәрігердің вирус жұқтырғаны да белгісіз. Бұл сұраққа бас санитар дәрігердің өзі мардымды жауап бере алмады.

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы:

— Өтемақы төлеудің тиісті механизмі бар. Тиісті шаралар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығымен жазылған. Әр істі қарастыратын, ауру мен өлімнің себебін анықтайтын аймақтық комиссиялар бар. Олар бұл мәселені барлық жағынан қарастырады, содан кейін оны Денсаулық сақтау министрлігіне хаттамамен жібереді. Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігі бұл деректерді тексеру, аймақтардан жинау үшін тиісті жұмыстар жүргізуде.

Денсаулық сақтау министрінің пневмонияны жұқтырып, осы індеттен көз жұмғандар жайында «тұрақты ақпар беріп тұрамыз» дегеніне біраз уақыт өткенімен, бұл шаруаның соңы да сұйылып кетті. Бар айтар уәжі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымын күтіп жүр екен. Сондай-ақ көпшілікті жаппай тестілеудің көлемін тәулігіне 35 мыңдық межеге жеткізу туралы да айтылған. Ол да бара-бара ұмытылып бара жатқан секілді. 10 күн ішінде сатып аламыз деген 1 миллион 200 мың ПТР тесті бір ай өтті, әлі алынбаған. Ал бюджеттен 15 миллиард 600 миллион теңге бөлініп те қойған екен.

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы:

— Қаржының бөлінуі үшін қажетті шаралар болатынын білесіздер. Яғни, есептеу жұмыстары әжептәуір уақыт алады. Қаражат бөлінген соң сатып алу рәсімдері жүзеге асырылады. Осы секілді шаруалар ПТР тесттерді сатып алу жұмысына әсер етеді.

Қауіпті індетпен күресте мамандар тапшы деп бұған дейін де айтылған еді. Қазір жоғары оқу орындарының түлектеріне министрлік үміт артып отыр. Бірақ олардың саны, қажеттілікті қанағаттандыра алатынына сену қиын. Мәселен, ел бойынша биыл 88 түлек анестезиолог, 208-і эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдапты. Алдағы оқу жылына жоғары оқу орындарына қосымша 200 грант бөлінбекші.

Убайдулла Датхаев, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ проректоры:

— Денсаулық сақтау министрлігі аса бір қажетті мамандықтардың бірқатары бойынша, атап айтсақ, жұқпалы аурулар, анестезиология мен реаниматология, пульманология мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырысты көбейтіп отыр. Өйткені бұл мамандықтар эпидемиямен күреске аса қажетті.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерге қарастырылған өтемақы бойынша жарытып жауап қатпағанымен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бүгінде 6 өңірден 2 миллион теңгелік өтемақыға 123 өтініш түскенін айтты. Тиісті төлемдер заңға сәйкес үш күнде аударылады. Ал қайтыс болған 51 дәрігердің артынан 10 миллион теңгелік өтемақы төленбеу себебі, туыстары өтініш берген жоқ деп отыр.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде