jasqazaq.kz

CҚО-да аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

02 шiлде 2021, 16:33

Солтүстік Қазақстан облысында күннің 39 градусқа дейін ысуына байланысты құтқарушылар ескерту жариялады.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметтеріне сүйене отырып, өңір аумағында ескерту жариялады. Мамандардың айтуынша, 3 шілде күні кей жерлерде найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Бұл күні де аптап ыстық сақталып, ауа температурасы 35-39 градусқа дейін жетеді. Яғни өрт шығу қаупі арта түспек. Петропавлда да найзағай ойнап, 15-20 м/с жел тұрады. Күн 35-37 градусқа дейін ысиды. Осыған байланысты СҚО ТЖД тиісті қауіпсіздік шараларын ұстануға кеңес береді. Төтенше жағдай бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 112 нөміріне хабарласуға болады.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия