jasqazaq.kz

Cинтетикалық есірткі сатумен айналысқан екі адам ұсталды

19 шiлде 2021, 15:23

Алматыда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан жас жұп ұсталды.

Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының өндірісінде адамдар тобымен аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні сату бойынша қылмыстық іс бар. Синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан жас жұп Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің көзіне түсті. Кейіннен, Әуезов ауданының аумағында арнайы іс-шаралар кезінде 23 жастағы М.есімді жігіт пен 20 жастағы Н.есімді жас қыздың қылмыстық әрекеттері құжатталды.

– Сараптама жүргізген осы іс-шаралар барысында тәркіленген зат аса көп мөлшердегі синтетикалық есірткі – “мефедрон” екендігі анықталды. Екі адам да “синтетиканы” таратушы ғана емес, сондай-ақ оны тұрақты тұтынушылар екендігі анықталды. Бірнеше күн бұрын есірткі саудасымен айналысқан жұп ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарына сәйкес ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды және тергеу сотының келісімімен қамауға алынды. Ұсталғандардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3-тармақтарына сәйкес квалификацияланған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, іс бойынша бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Әділ Салаев.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия