jasqazaq.kz

Чилиден ұшып шыққан ұшақ жоғалып кетті

10 желтоқсан 2019, 11:02


Антарктикадағы базаға бағыт алған чилилік әскери ұшақ радардан жоғалып кеткен. Бортта 38 адам болған.

«C130 Hercules ұшағы 16:55-те ұшып (01.55 Нұр-Сұлтан уақыты бойынша), 18:13-те байланыстан ажырап кетті (03.13 Нұр-Сұлтан уақыты бойынша). Ол Пунта-Аренас қаласындағы «Чабунко» базасынан Антарктикадағы әуе базасына бағыт алған. Бортта барлығы 38 адам, оның 17-сі — экипаж мүшесі 21-і — жолаушы болған», — делінген ВВС Чилидің Twitter желісіндегі парақшасында. Ұшақ базалардың бірін жанармаймен қамтамасыз ететін мұнай құбырында қызмет ететін жұмысшыларды тасымалдап келе жатқан. ВВС Чили генералы Эдуардо Москейру ұшақтағы жанармай Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 09:40-та бітуі керек болғанын хабарлаған. C-130 — орта және үлкен қашықтықтағы америкалық әскери-көлік ұшағы. АҚШ-тың және Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы елдерінің негізгі әскери-көлік ұшағы. 2014 жылға бұл — әлемдегі ең көп таралған әскери көлік ұшағы болған. ВВС Чилиде осы секілді жеті ұшақ бар.

tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда