jasqazaq.kz

Чемпиондар лигасы: «Ювентус» қарсыласына есе жіберді

18 ақпан 2021, 10:50

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында тағы екі ойын өтті.

Алғашқы жұпта Португалияның «Порту» клубы Италияның «Ювентусын» 2:1 есебімен сүріндірді. Бұл ойында португалиялық команда сапынан Мехди Тареми 2, Мусса Марега 46-минуттарда мергендігімен көзге түсті. Оған «Ювентус» сапынан 82-минутта Федерико Кьеза бір голмен жауап қайырды. Испанияның «Севильясы» өз алаңында Германияның «Боруссия Дортмунд» клубынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Алаң иелері қатарынан Сусо 7, Люк де Йонг 84 минуттарда қақпаны дәл көздеді. Ал неміс клубынан Люк Эрлинг Холанд 27, 43-минуттарда қос голдың авторы атанса, тағы бір голды Махмуд Дауд соқты. Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында тағы екі ойын өткізілген еді. Сондай-ақ, бүгін UEFA Еуропа лигасының 1/16 финалының алғашқы ойындары болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде