jasqazaq.kz

Чемпиондар лигасы: «Реал» өз алаңында жеңіліп қалды

27 ақпан 2020, 11:11

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалдық кезеңінің алғашқы ойындары аяқталды.

Испанияның «Реалы» өз алаңында Англияның «Манчестер Сити» клубын қабылдады. Екі ұжым да жеңіске жету жолында тынбай тер төкті. Бірінші кезең олардың алма-кезек шабуылымен өрбіді. Десе де бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. «Сити» шабуылшысы Габи Жезус қақпашымен бетпе-бет шыққан. Алайда оның соққысын қақпашы қайтарды. Бірінші таймда қонақтардың қорғаушысы Аймерик Ляпорт жарақат алып, алаңнан кетті. Екінші тайм «Манчестер Ситидің» басымдығымен өтті. 59-минутта қарымта шабуыл кезінде «Реал» есеп ашқан. Қорғаушыларды алдап өткен Винисиус Жуниор әріптесі Искоға пас берді. Соңғысы қателескен жоқ. Есеп – 1:0! Қарымта шабуылдардың бірінде ағылшындық клубтың ойыншысы Габи Жезус таразы басын теңестіріп кетті. Ол айып алаңына асырылған допты қақпаға баспен кіргізді. Мұнан соң Кевин де Брюйне пенальтиден көзге түсіп, есепті 1:2 қылды. Ойын соңына таман бас төреші «Реал» капитаны Серхио Рамосты тәртіп бұзғаны үшін алаңнан қуды. Қатар өткен «Лион»-«Ювентус» матчында француздар басым болды. Кездесудегі жалғыз голды Тузар соқты. Осылайша, Чемпиондар лигасы 1/8 финалдық кезеңінің алғашқы ойындары аяқталды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия