jasqazaq.kz

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы қалай өтетіні белгілі болды

12 маусым 2020, 12:14

Чемпиондар лигасының биылғы маусымы Лиссабонда «Сегіздің финалы» форматында өтеді, — деп хабарлайды РИА Новости италиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, Еуропа лигасы да осындай формат бойынша Германияда аяқталады. Ал Еуропаның Суперкубогы матчы Будапешт қаласында өтеді. Әйелдер арасындағы Еуропа лигасы «Сегіздің финалы» форматы бойынша Испанияда ұйымдастырылады.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Ювентус» — «Лион» және «Барселона» — «Наполи» қарымта матчтары Турин мен Барселонада өтеді.

Еске салайық, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын.

Чемпиондар лигасының 2019/20 маусымдағы финалы Ыстамбұл қаласында өтетіні белгілі болған. Алайда БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, финал басқа қалада өтетін болды.

Бейсенбі күні УЕФА 17 маусымда атқарушы комитеттің отырысында финалдың өтетін күні мен орны туралы шешім қабылдайтыны туралы мәлімдеді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия