jasqazaq.kz

Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» жарыс жолынан шығып қалды

12 наурыз 2020, 10:10

Футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалдық сатысында Анлияның «Ливерпуль» клубы жарыс жолынан шығып қалды.

«Ливерпуль» өз алаңында Испанияның «Атлетико» (Мадрид) командасымен шеберлік сынасты. Үш аптадан астам уақыт бұрын 1/8 финалдың алғашқы кездесуінде олар аталмыш қарсыласынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Сол себепті олар ойын басынан алға ұмтылды. Олардың қатарынан 43-минутта Жоржиньо Вейналдум ағылшындық клубты алға шығарды. Кездесу 1:0 есебімен тең аяқталды. Екі ойын барысындағы есеп 1:1 болды. Нәтижесінде ойын қосымша екі кезеңге созылды. Бұл кезеңде «Ливерпуль» сапынан 94-минутта Роберто Фирмино 94, «Атлетикодан» Маркос Льоренте 97, 105, Альваро Марата 120-минуттарда гол соқты. Нәтижесінде алаң иелері 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Қос ойынның қорытындысымен испандық клуб жарысты жалғастыратын болды. Ал Францияның ПСЖ клубы Германияның «Боруссия» (Дортмунд) клубынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Бірінші кезеңде француз футболшылары қарсылас қақпасына екі гол соғып үлгерді. Оны 31-минутта Неймар, 45-минутта Хуан Бернат орындады. Ойында ПСЖ 2:0 есебімен жеңіп, 1/4 финалға жолдама алды. Бұдан бұрын 10 наурызда Италияның «Аталантасы» Испанияның «Валенсия», Германияның «РБ Лейпцигі» Англияның «Тоттенхэм Хотспурын» орта жолда қалдырып, ширек финалға жолдама алды. Енді 17 және 18 наурыз күндері 1/8 финалдың қалған төрт ойыны өткізіледі. Алдымен 17 наурызда «Манчестер Сити» (Англия) — «Реал Мадрид» (Испания), «Ювентус» (Италия) — «Лион» (Франция), «Барселона» (Испания) — «Наполи» (Италия), «Бавария» (Германия) — «Челси» (Англия) командалары кездеседі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде