
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы финалына жолдама алған алғашқы команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жартылай финалдың алғашқы жұбында «Вильярреал» (Испания) мен «Ливерпуль» (Англия) шеберлік байқасты. Бірінші ойында ағылшындық клуб 2:0 есебімен басым түскен болатын. Қарымта кездесуде «Вильярреал» жанкүйерлер көңілінен шығуға барын күшін салды. Нәтижесінде бірінші кезеңнің 3-минутында Булай Диа гол соқса, 41-минутта Франсис Коклен испаниялық клубтығ басымдығын арттырды. Екінші кезеңде «Ливерпуль» қатарынан Фабиньо 62, Луис Диас 67, Садио Мане74-минуттарда мергендік танытты. Осылайша «Ливерпуль» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. Енді олар финалда 28 мамырда «Реал Мадрид» (Испания) мен «Манчестер Сити» (Англия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.