jasqazaq.kz

Чемпиондар лигасы: «Бавария» «Барселонаны» ойсырата жеңді (видео)

15 тамыз 2020, 9:24

UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалына шыққан үшінші команда белгілі болды.

Бүгін Испанияның «Барселона» және Германияның «Бавария» командалары кездесті. Екі команданың да әлеуетін жанкүйерлер жақсы біледі. Сондықтан ойынның тартысты болатыны белгілі еді.

Десе де кездесу «Барселона» үшін сәтсіз басталды. Бірінші кезеңде олар өз қақпасына төрт гол жіберіп алды. Оған небәрі бір ғана голмен жауап қайырды. Алдымен 4-минутта «Бавария» ойыншысы Томас Мюллер есеп ашты.

Ал 7-минутта таразы басы теңесті. Германиялық клубтың футболшысы Давид Алаба допты өз қақпасына енгізіп алды. Бұдан кейін «Бавария» тағы да үш гол соғып кетті. Ойынның 21-минутында Иван Перишич қарсылас команда қақпашысын қапы қалдырса, 27-минутта Серж Гнабри есепті үстемелей түсті.

Ал 31-минутта Томас Мюллер кездесудегі екінші голының авторы атанды. «Барселона» сапынан Луис Суарес 57-минутта есеп айырмасын қысқартса, 63-минутта «Бавария» сапынан Йозуа Кеммих қайтадан басымдықты арттыра түсті. Ал Роберт Левандовски — 82, Филиппе Коутиньо -85, 88-минутта гол соқты.

Ойында «Бавария» 8:2 есебімен жеңді. Енді неміс командасы жартылай финалда 19 тамызда «Манчестер Сити» (Англия) және «Лион» (Франция) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

https://youtu.be/_o7VMPhl20k

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия