jasqazaq.kz

Чемпиондар лигасы: «Барселона» өз алаңында ойсырай жеңілді

17 ақпан 2021, 10:33

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында алғашқы екі ойын өткізілді.

Бұл жұпта «Лейпциг» (Германия) және «Ливерпуль» (Англия) командалары кездесті. Ойын коронавирус инфекциясына байланысты Мажарстан астанасы — Будапешт қаласында «Пушкаш Арена» стадионында болды.

Алғашқы ойында ағылшын командасы сапынан 53 және 58-минуттарда Мохамед Салах пен Садио Мане гол соқты. «Ливерпуль» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін екі команда Чемпиондар лигасында ешқашан кездесіп көрмеген. Тұңғыш рет болған ойында ағылшын клубының мерейі үстем болды.

Испанияның «Барселона» клубы өз алаңында «Пари Сен-Жермен» командасынан 1:4 есебімен ойсырай жеңілді. Есепті 27-минутта пенальтиден испандық клуб сапынан Лионель Месси ашқан болатын. Бұдан кейін «Пари Сен-Жермен» жартылай қорғаушысы Килиан Мбаппе 32, 65 және 85, Мойзе Кен 70-минутта мергендік танытты. Қарымта ойындар 10 наурызда болады. Жеңімпаз команда ширек финалға шығады. Бүгін, 17 ақпанда Чемпиондар лигасы 1/8 финалында тағы екі ойында «Порту» (Португалия) мен «Ювентус» (Италия), «Севилья» (Испания) және «Боруссия Дортмунд» (Германия) командалары кездеседі. Қалған төрт кездесу 23 және 24 ақпан күндеріне белгіленген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде