jasqazaq.kz

Cемейде аспандағы жарқыл тұрғындардың үрейін ұшырды (видео)

23 қараша 2020, 12:15

Семей қаласында аспандағы жарқыл тұрғындардың үрейін туғызды. Шаһар тұрғындары әлеуметтік желілерде тараған видеоны қызу талқыға салуда. 23 қарашада түнгі сағат 02.20-да түсірілген видеода көрінетіндей, аспан кенеттен жарқ етті де содан кейін бірнеше секундқа барлық пәтерлердегі жарық шамдары сөніп қалды. Белгілі болғандай, Знаменская тасжолының бойындағы қалаға жақын орналасқан 18 шағын станцияда қысқа тұйықталу болған. «35 кВ-тық электр тарату желісіндегі қысқа тұйықталу салдарынан аспанда доға тәрізді көрініс пайда болды. Зардап шеккен ешкім жоқ. Қазір шағын станция жұмыс істеп тұр», — деп түсіндірді «Кегок» АҚ «Семей аумақтық электр желілері» филиалының мамандары. Қазіргі уақытта мамандар қысқа тұйықталудың себебін анықтауда.

ҚазАқпарат 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде