jasqazaq.kz

Cегіз күнде 42 миллион теңгеге айыппұл салды

09 қантар 2020, 15:00

Алматыда жаңадан іске қосылған 400 «Сергек» камералары 42 миллион теңгеге айыппұл салды.

Полицияның хабарлауынша, мегополисте сегіз күннің ішінде 2564 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі тіркелген. Әкімшілік құқықбұзушылықтар көбіне жылдамдықты асырумен баланысты (сағатына 10-20, 20-40 және 40-тан аса шақырым). Полицейлер жүргізушілер жол бойындағы жол қозғалысы ережелерінде бекітілген талаптарға назар аудармайтынын да атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, «Сергек» жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілері мен жолақтарды елемеу, көлікті тоқтату ережесі және көлік құралдарын тұраққа қою, сондай-ақ қоғамдық көлікке арналған жолмен жүру деректерін тіркейді. Алматы қалалық Полиция департаменті жүргізушілерден мегаполис жолдарындағы жол ережелерін сақтауға шақырады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия