jasqazaq.kz

Cарбаз қыз әскерде қысым көргенін мәлімдеді

09 тамыз 2022, 13:25

Әскерде борышын өтеп жүрген қыз командирлер тарапынан қысым көргенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысы Шеңгелді елді мекеніндегі 54179 әскери бөлімінде борышын өтеген қыз «НеМолчиKz» қоғамдық қорына жүгінген. Ол 2019 жылдың желтоқсанында үш жыл мерзімге қызметке шақырылғанын, бірақ мерзімінен бұрын босатылғанын айтты. Әскери қызметші батальон командирлері келісімшарт бойынша қызмет етуге кедергі келтіргенін айтты.

Қыздың айтуынша, әскери бөлімде қызмет ете бастаған сәттен-ақ батальон командирі қыр соңына түсіп, қысым көрсеткен.

«Оған бағынышты офицерлер ештеңені байқамағандай түр танытып, ал әскери бөлім қолбасшылығы (…) ешқандай шара қолданбады», — дейді қыз.

Оның айтуынша, ол әскери бөлім басшылығына бірнеше рет жүгінген. Бірақ: «Әдемі қызсың, жеке өміріңе араласпаймыз, мен сенің ағаң емеспін, командирді таңдамайды, сені ешкім әскерге қолыңнан сүйреп әкелген жоқ», — деген жауап алған.

Қыз псориаз және гастритпен әскери госпитальға түскенін айтты. Оның айтуынша, батальон командирі басқа бөлімшеге ауыстырылған, ал батальон командирінің орнына оның жақын досы келген. Ол осыдан кейін жәбірлеу, қорлау, қысым көбейе түскеннін айтты.

Қыз әскерден кеткен. Ол мүгедек анасы мен інілерінің жалғыз асыраушысы, әкесі жоқ екені айтылды. Ол өзін қорлағандарға шара қолдануды сұраған.

Қорғаныс министрлігі өкілдері шұғыл комиссия құрылғанын, ол әскери бөлімге барып, оқиғаны егжей-тегжейлі зерттеуге кіріскенін мәлімдеді.

«Қатардағы Елшібаеваның әлеуметтік желіде жариялаған деректері расталса, кінәлілер жұмыстан босатылып, қылмыстық іс қозғалғанға дейін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы қорғаныс министрінің жеке бақылауына алынды», — деді ведомство өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде