jasqazaq.kz

Car City автобазарында 94 адам ұсталды

26 шiлде 2018, 18:24

Полицейлер рейд барысында Car City автобазарында іздеуде жүрген бес адамды ұстады. Тағы 94 адам ішкі істер органдарына жеткізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Рейд әлі жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта полицейлер автобөлшек сатумен айналысатын 1 133 бутикті, 37 жанармай құю бекетін және 94 көлікті тексеріп шықты. «94 адам полицияға жеткізілді. Олардың 17-сі Өзбекстан азаматтары. Олар Қазақстанда заңсыз жүрген. Қылмыстық құқық бұзушылық жасап, іздеуде болған 5 адам ұсталды. Қолданылған автобөлшекті сататындардан бірнеше зат тәркіленді. Олар заттардың құжаты бар екенін растай алмады. Көлік айналары, терезелер, шетте тұратын айналарды ұстап тұратын корпустар, фаралар және тағы басқа заттар тәркіленген. Қазір енді тәркіленген заттар бойынша тексеріс жүргізіледі», — деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Сондай-ақ, базар аумағында ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған үш бала анықталды. «Олар сатуға көмектескен. Қазір оларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізді. Ата-аналарымен байналысқа шықтық. Ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша шаралар қабылданады. Ал оларды жұмыс істеуге жұмылдырылғандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 86-бабы бойынша жазаланады. Әкімшілік материалдар Алматының Еңбек инспекциясы басқармасына жолданады», — деп хабарлады ІІД ресми өкілі. Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда полицейлердің Car City сауда орталығын қоршауға алған сәтінің видеосы таралған еді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді