jasqazaq.kz

Cәбиін өзгеге заңсыз берген ананың үстінен тергеу жүріп жатыр

27 қыркүйек 2021, 12:48

«Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасының аясында жаңа туған сәбиін ерлі-зайыптыларға заңсыз берген әйелдің үстінен тергеу басталды.

Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов ведомствоның ақпарат алаңында осындай ақпарат айтты.

«Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасының аясында адамды жұмысқа салу үшін бас бостандығынан заңсыз айырудың 1 фактісі, 3 адам сату фактісі, кәмелетке толмағандарды сатудың 7 фактісі белгілі болды. Жезөкшелікке тартудың 16 фактісі әшкереленді. Оның ішінде кәмелетке толмағандарды осындай іске тартудың 3 оқиғасы тіркелді. Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық қызмет ұйымдастырудың 47 фактісі белгілі болды. Бұдан бөлек жөзекшелікпен және жеңгетайлықпен айналысатынын біле тұрып, ғимарат ұсыну бойынша 22 әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркелді», — деді ІІМ өкілі. Оның айтуынша, қоғамдық орында тиісу фактісі бойынша 400-ден астам әкімшілік қаулы толтырылған.

«Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері 27 жастағы әйелдің тамыз айында жаңа туған нәрестесін келісім бойынша ерлі-зайыптыларға асырау үшін бергенін анықтады. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу және жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», — деді Қанат Нұрмағамбетов.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия