jasqazaq.kz

БЖЗҚ: Жинақтан ақша алуда алаяқтар пайда болды

29 қантар 2021, 15:09

БЖЗҚ салымшылары алаяқтар тарапынан фишинг шабуылдарына тап болғаны туралы хабарлай бастады. Алаяқтар жіберетін хаттарда белсенділігі күдік тудыратын сайттарға сілтемелер тіркеліп, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгендігі айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ сайтына сілтеме жасап.

«Сақ болыңыз, алаяқтар! Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы (қазіргі «Отбасы банкі» АҚ) арнайы шотқа аудару туралы» деген мазмұнға ие жіберілімдер жасамайтынын ресми түрде мәлімдейді. Сонымен қатар БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қатысты ешқандай хабарлама жібермейді және салымшының ешқандай дербес деректерін сұрамайды», — делінген хабарламада.

БЖЗҚ бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеу туралы ұсыным жасап, қатаң ескертеді. Ақпаратты тек БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтында және уәкілетті операторлар болып есептелетін банктердің интернет-ресурстарында тексеру қажет.

Анықтама: Фишинг мақсаты пайдаланушылардың құпия деректеріне — логиндер мен парольдерге қол жеткізуді көздейтін интернет-алаяқтықтың түрі. Құпия деректерге танымал брендтер атынан электрондық хаттарды жаппай тарату, сондай-ақ, түрлі сервис, мысалы, банктер атынан немесе әлеуметтік желілер ішінде жеке хабарламалар жіберу арқылы қол жеткізіледі. Хатта көбінесе осы сайттан сырт қарағанда еш айырмашылығы жоқ сайтқа немесе қайта бағыттау сайтына тікелей сілтеме болады. Пайдаланушы жалған парақшаға кіргеннен кейін, алаяқтар әртүрлі психологиялық әдістермен қолданушыны жалған парақшаға өзінің белгілі бір сайтқа кіру үшін пайдаланатын логині мен паролін енгізуге итермелеуге тырысады. Бұл алаяқтарға жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия