jasqazaq.kz

БЖЗҚ экс-басшысы кінәсін мойындады

02 қараша 2017, 12:34

Алматыда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ экс-басшылығының ісі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан. Отырыс барысында «БЖЗҚ» экс-басшысы Руслан Ерденаев кінәсін мойындады.

Р.Ерденаев пен өзге де тұлғаларға меншікке қатысты ҚР ҚК 189-бабының 4 тармағы бойынша ауыр қылмыс жасады деп айып тағылып отыр. Ерденаевтың қорғаушысы Александр Блок өзінің қорғауындағы азаматтың өз кінәсін мойындап, істегеніне өкініп отырғанын айтты. «Сотқа дейінгі тергеу барысында Руслан Ерденаев тергеушілермен бірге жұмыс жасауға ынта білдірді. Аса ауыр қылмыстардың ашылуына септігін тигізді, өз кінәсін мойындады және оған өкініш білдірді», — деді А.Блок. Алдын ала сот тыңдалымы барысында қорғаушылар Ерденаевты қамаудан босатып, үй қамағына жіберу туралы өтініш білдірді. Еске сала кетейік, Алмалы аудандық соты 2017 жылдың 9 қаңтарында «БЖЗҚ» АҚ экс-төрағасы Руслан Ерденаевқа, «БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару департаментінің басшысы Мұса Бахытовқа, «Алатау Мұнай Алтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаевқа, «Бузгул Аргум» ЖШС директоры А.Найзағаринге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындаған болатын. Сотқа дейінгі тергеу орындары Р.Ерденаев пен өзге де тұлғаларға меншікке қатысты ҚР ҚК 189-бабының 4-тармағы бойынша ауыр қылмыс жасады деп айып тағып отыр. Айта кетейік, жыл басында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаменті БЖЗҚ-ның құны 5 млрд теңге болатын келісімшартын тексерген болатын. Ұлттық банктің қатысуымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның әрекетін тексеру өткен жылдың 21 желтоқсанынан басталған.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде